Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталған жігіт ауруханада қайтыс болды

Сотталған жігіт ауруханада қайтыс болды

Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 8 мамырда болған, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап.

8 мамырда Қостанай облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне 27 жастағы сотталған азамат түскен. Ол Құсмұрын ауылындағы УК-161/4 қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеден жеткізілген.
«Өлімнің себебі – ми қан айналымының бұзылуы. Бұл факті қылмыстық атқару жүйесінде тіркелген. Тексеріп жатырмыз. Жыл басынан бері Қостанай облысындағы мекемелерде 5 өлім фактісі тіркелді», - деп хабарлады ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеевтің айтуынша, жігітті Әулиекөл ауданынан әкелген.
«Ер адамға қажетті медицаналық көмек көрсетілді. Оның қасында күзетшілер болды. Ауруханада бірнеше күн жатты. Ол инсульт алды», - деді Юрий Моисеев.
baq.kz​​​
11 мамыр 2018 ж. 1 803 0