Түрме қызметкерін ұрған қылмыскердің жаза мерзімі ұлғайтылды

Қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген сотталушы серуен кезінде рұқсатсыз қоймаға кірген.
"Арқалық қаласының УК 161/12 түрмесіндегі қоймаға сотталушы өз еркімен кіргендіктен, бас қадағалауышы ескерту жасаған. Ал сотталған азамат бұл тәртіпке наразылығын білдіріп, бас қадағалаушыны баспен бір ұрған", — делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-тармағы бойынша айыпты деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.
Бұрынғы өтелмеген жаза мерзімін жартылай қосқанда, барлығы сегіз жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.