Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот бұзақылық фактісі бойынша медиативтік келісімді бекітті

Сот бұзақылық фактісі бойынша медиативтік келісімді бекітті

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 1 бөлігімен сотталушы И-дың қылмыстық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы И. 24 ақпан 2018 жылы түңгі сағат 02.00 шамасында, «А» қонақ үйіне келіп, жанжал шығарып, қонақ үй бөлмесінің есігін аяғымен теуіп сындырып, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан бұзақылық әрекетін жасаған.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап сотқа ұсынған.
Сот қаулысымен сотталушы И., Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
30 наурыз 2018 ж. 1 655 0