Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген

Сотпен анықталғандай, сотталушы М. 7 ақпан 2018 жылы азамат С-мен сөзге келіп қалып, керіс соңында сотталушы соңғының кеуде тұсына асхана пышағымен соққы жасаған.
Нәтижесінде, жәбірленушінің кеуде тұсына дарыған шаншылып-кесілген жарақат оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, ол жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі