Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 7-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, «Volkswagen Passat» маркалы көлігін басқарып, полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
11 қаңтар 2018 ж. 1 420 0