Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балағат сөздері үшін жауапкершілікке тартылды

Балағат сөздері үшін жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М. 1 қаңтар 2018 жылы сағат 18:30 шамасында Арал теңізі станциясының темір жол вокзалы ғимаратында, яғни қоғамдық орында алкогольді масаң күйінде, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта құқық бұзушы М. кінәсін толық мойындап, сол күні аздап ішімдік ішкенін және алкогольді масаң күйде балағат сөздер айтқанын көрсеткен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 16 835 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 ақпан 2018 ж. 1 678 0