Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкесінің көңілін қалдырған

Әкесінің көңілін қалдырған

Арал аудандық сотында азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, әкесімен жанжалдасқан, соңғының ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, басуа сөздерге мүлдем құлақ аспаған.
Сотта жәбірленуші К. қызының өзіне үнемі балағат сөздер айтатынын, сондықтан оған кешірім бермейтінін, тиісті шара қолдануды сұрайтынын көрсеткен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 ақпан 2018 ж. 1 169 0