Анасына қол көтерген құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында қаралған ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Н. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде үйіне келіп, анасы Ж-ға неше-түрлі балағат сөздер айтып, желкесінен бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан.
Сот қаулысымен ол осы жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 (он) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.