Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапсыз жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Жауапсыз жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде, қайталап «Mersedes Bens» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 ақпан 2018 ж. 1 617 0