Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы жанжалшы әйелімен медиацияның көмегімен татуласты

Отбасындағы жанжалшы әйелімен медиацияның көмегімен татуласты

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Б. өз үйінде еш себепсіз жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтқан. Жанжал тыйылмағандықтан әйелі полиция шақыруға мәжбүр болған.
Сотта құқық бұзушы Б. мен оның жұбайы А. медиатордың көмегімен татуласқандықтан әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылып, құқық бұзушы әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
26 наурыз 2018 ж. 1 024 0