Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенімге қиянат жасаған

Сенімге қиянат жасаған

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Д. азаматша К-ның сеніміне кіріп, оны іс жүргізуші ретінде жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, сендіріп, оның 350 000 теңге ақшасын алдап алып, алаяқтық жолмен иемденген ақша қаражатын өзінің жеке басына жаратқан.Осылайша ол, бөтеннің мүлкін алдау жолымен иемденіп, алаяқтық жасаған.
Оның бұл қылмыстық әрекеті, сотта іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
27 наурыз 2018 ж. 1 493 0