Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345- бабының 2-бөлігімен азамат И-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, сотталушы И. 14 желтоқсан 2017 жылы «ВАЗ 21015» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, Арал-Жақсықылыш тас жолында басып озу үшін қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Арал қаласына қарай бағыт алып келе жатырған «Лада Гранта» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Осылайша ол, өз әрекетімен жол жүрісі қағидасының талаптарын өрескел бұзып, қарсы бағытта келе жатқан «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің жолаушысы У-дың денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушінің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.
12 наурыз 2018 жылғы сот қаулысымен, сотталушы И., Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
12 сәуір 2018 ж. 1 187 0