Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған мемлекеттік белгісін тағып, көлік құралын басқарған

Жалған мемлекеттік белгісін тағып, көлік құралын басқарған

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. Арал қаласы, Панфилов көшесі бойында «Audi-А6» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 48 100 теңге айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
15 наурыз 2018 ж. 1 339 0