Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында 4 жасар бала өрт туралы хабар берген

Қостанай облысында 4 жасар бала өрт туралы хабар берген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 4 жастағы бала ата-анасына қоңырау шалып, өрт туралы хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Қостанай ауданының Озерное селосындағы жеке үйлердің бірінде болған. «Бөлмелердің бірінен түтін білінген кезде 4 жасар бала анасына қоңырау шалып, хабар берген.
Ол жұмыстан келіп, есіктен түтін шығып жатқанын көреді. Ал бала асханадағы үстелдің астында жасырынып жатқан», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Бала бірден Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оған «ыстан улану» диагнозы қойылды.
ТЖД ақпаратына сүйенсек, өрт балалар бөлмесінен шыққан. Ол бөлмеде пеш немесе жылытқыш болмаған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі - баланың тентектігінен шыққан.

21 ақпан 2018 ж. 2 088 0