Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық №35 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жанып жатқан үйден газ баллондарын алып шықты. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.15 ақпан күні диспетчерлік қызметке қала маңындағы Мичурин және Черноярка ауылдарынан өрт жайлы екі хабар түскен. - Бірінші өрт Мичурин ауылында сағат 8.25-те болды, -деді баспасөз қызметінде. - Өртті сөндіру үшін № 35 өрт сөндіру бөлімі және № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен үш автоцистерна шықты. 10 өрт сөндірушінің көмегімен тілсіз жау 10.25-те оқшауланып, толығымен 16.00-де жойылды. Құтқарушылар жанып жатқан үйден 50 литрлік көлемді газ баллонын шығарды. Алдын ала болжам бойынша, от пеш ақауларынан тұтанған. Ал, екінші өрт Черноярка ауылында Лесная көшесі, 16-үй мекенжайында болған. Оқиға туралы хабар сағат 01:21-де түскен. Құрылыс материалдары қызыл жалынның астында қалып, жалын үш бөлмелі жеке тұрғын үйді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан жеті адам және екі техника сағат 3:25-те өртті оқшаулап, 5:15-те толығымен сөндірген. Сонымен қатар, жарылыстың қауіптілігіне қарамастан, № 35 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау старшинасы Ербол Төкешов және өрт сөндіруші кіші сержант Қайрат Валеев тез арада екі газ баллонын үйден алып шығып, жарылыстың алдын алды.
17 ақпан 2018 ж. 1 337 0