Тонналап заңсыз бекіре аулаған браконьерлерге үкім шығарылды

Соттың тексеру нәтижелері көрсеткендей, 2017 жылдың қарашасында Қуатты шетелдік қозғалтқыштармен жабдықталған браконьерлердің қос қайығы Исатай ауданының Жамбай ауылында ұсталған болатын. Олардан салмағы 1 тонна 110 келі болатын 304 бекіре тұқымдас балық және ау тәркіленді. Төрт қылмыскер тұтқындалған.
«Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 335 бабының 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот олардың кінәларын мойындап, жасаған қылмыстарына өкініш білдіргендерін есепке ала отырып, браконьерлердің әрқайсысын 2 жылға бас бостандықтарын шектеу жөнінде үкім шығарды. Олар өмір бойына балық аулаумен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар үкімет пайдасына балық пен қайық тәркіленді»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.