Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді

Аралда 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді

Ауданда бүгінде, жылдық қуаты 18900 тоннаны құрайтын балық өңдейтін зауыт жұмыс жасайды Оның  ішінде өткен жылы «Ар-М-Кон» ЖШС-нің «Балық түрлерін сақтау және  қатыру» жобасы іске қосылды. Зауыттың жылдық қуаты 2500 тонна балық өнімдерін өңдеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде 15 адам тұрақты жұмыспен  қамтылып отыр. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде қолдауға ие болған жанұялық жеке кәсіпкер Ә.Жаңайбековтың «Қуатбай» балық өңдеу цехы ашылып, 7 адам жұмыспен қамтылған.
  Жалпы аудан бойынша 2017 жыл көлемінде 7000 тонна балық ауланды. Оның ішінде, 2961 тоннасы өңделіп, 590 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

syrboyi.kz
12 ақпан 2018 ж. 4 088 0