Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында шақалақты құдыққа кім тастап жібергені анықталды

Қостанай облысында шақалақты құдыққа кім тастап жібергені анықталды

2 сәуір күні Кенерал елді мекенінде әскери қызметкер құдықтан жаңа туған сәбидің денесін тауып алған болатын
АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қостанай облысы Федоров ауданының АІІБ полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.  
Федоров ауданының АІІБ полиция қызметкерлері күдіктіні іздеу бойынша ауқымды жұмыс атқарды. 
"Қылмысты ашу бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Тұрғындардан жауап алынып, куәгерлер анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында баланы туып, құдыққа тастап жіберген 38 жастағы күдікті әйел ұсталды", — деп хабарлады ведомство.  
Қазіргі таңда ҚР ҚК 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  
Естеріңізе сала кетейік, 2 сәуір күні сағат 19.15 шамасында Федоров ауданының Кенерал елді мекенінде әскери қызметкер құдықтан жаңа туған сәбидің денесін тауып алған болатын.  

sputniknews.kz


07 сәуір 2018 ж. 1 827 0