Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тірідей көмілген баланы полицейлер аман алып қалды

Тірідей көмілген баланы полицейлер аман алып қалды

Бразилияда тірі баланы өлді деп ойлап, көміп тастаған.


 
Баланы екі полицей тауып алған. Олар жердің астынан жылаған дауыс естіп, қазуға кіріскен. 50 см тереңдіктен олар қыз баланы алып шыққан. Дереу ауруханаға жеткізген. Қазір баланың денсаулығы қалыпты.


 
Полицияның мәліметінше баланың анасы 15 жастағы Бразилия тұрғыны. Ол толғақтың ваннада басталып, баланың басымен еденге түскенін айтқан. Бала жыламаған. Сондықтан 57 жастағы әжесі баланы өліп қалды деп ойлап, матаға орап, көмуге кеңес берген.
reactor.inform.kz​​​
08 маусым 2018 ж. 3 194 0