Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы қырқынан шығарудың ерекшелігі неде?

Баланы қырқынан шығарудың ерекшелігі неде?

Баланың қырқынан шығарудың керектігі, міндеттілігі жөнінде көп айтылғанымен, себеп-салдары көрсетіле бермейді. Тіпті, қырық күннен аман-есен өткен сәбиге той жасайды. Неліктен?
 



 Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Сәби толыққанды қалыптасып дені сау болып өсуіне деген сенім, салт, ғұрып. Қырқынан шыққанға дейінгі уақыт ең маңызды уақыт болып есептелсе керек. Осы кезеңде сәбиге барынша күтім жасалады.
 
Бала қырқынан шыққаннан кейін ғана ол өмірге қадам басады. «Сүт тырнағын», «қарын шашын» осы уақытта алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.
 
Қазақ дәстүрінде баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Себебі, күміс шайтаннан, жыннан сақтайды деген сенім бар. Сондай-ақ, қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.
 
Ал әшекей, заттар баланың болашақта түзу жолмен жүріп,денінің саулығы үшін берілетін ақы. Сондықтан да, біздің қыз-келіншектер келген қонақтарды құр қол жібермеген.
reactor.inform.kz​​​
06 мамыр 2018 ж. 5 370 0