Шашыңыз тез өссін десеңіз...

Шашқа арналған тұнба жасау үшін керек заттар:
- бір дана келімдәрі (ащы бұрыш);
- 100 грамм медициналық спирт немесе арақ.
Шашыңыз тез өссін десеңіз...
Келімдәріні турап, арақ құйылған бөтелкенің ішіне салып, 3 апта қараңғы жерге қойып қойыңыз. Аптасына бір рет бөтелкені шайқап тұру керек. 21 күннен соң қолдана беруіңізге болады. 1 ас қасық тұнбаны бір стақан суға араластырып, шашыңыздың түбіне жағып, 30-40 минуттай уқалайсыз. Қолыңызға қолғап киюді ұмытпаңыз. Бұл бас терісінің қан айналымын жақсартып, шаштың тез өсуіне ықпал етеді. 21 күн күтуге ерінсеңіз, қызыл бұрыш ерітіндісін (дәріханаларда сатылады) сатып алып, бас терісіне аптасына 1-2 рет жағып тұрыңыз.