Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық емі әркімге қол жетімді және тиімді. Ең ұнаған нұсқаңызды таңдап алыңыз

Халық емі әркімге қол жетімді және тиімді. Ең ұнаған нұсқаңызды таңдап алыңыз

Өмірдің әр сәтінен ләззат алып, уақытты ұтымды пайдаланыңыз және АУЫРМАҢЫЗ!
  • 300 грамм балды 50 грамм блендер арқылы үгітілген грек жаңғағымен араластыру қажет. Одан кейін 3 лимоннан алынған сығындыны және 100 мл алоэ сығындысын қосуыңыз. Шипалы қоспаны тамақтанар алдында күніне үш рет қабылдаған орынды. Бір қабылдағанда пайдаланатын мөлшер — 1 шай қасық болуы тиіс.
    • 100 грамм інжірге 2 кесе ыстық су құйып, қайнағаннан кейін 15 минуттай баяу оттың астында ұстаңыз. Суығаннан кейін 2 сағаттың ішінде тұнбаны сүзіп, тамақтанар алдында 100 мл мөлшерде ішкен дұрыс (күніне 3 рет).
    • Мүкжидек шайы ағзаны құнарлы дәрумендермен байытып, иммундық жүйені жақсартады. 1 ас қасық балғын мүкжидекті үккіштен өткізіп, қант ұнтағын сеуіп, 200 мл қайнаған су немесе шығымы шыққан қара шай құю қажет. Мүкжидек қосылған шай шөлді басып, шаршаңқылықты бәсеңдетіп, көңіл-күйді көтереді.
    • Қарақат жапырақтары қосылған шай — бағалы сусын. 2 шөкім балғын қарақат жапырақтарын алып, 1 л. қайнаған ыстық су құйыңыз және 3 минут шығымын шығарыңыз. Сосын кеселерге құйып, дәмін келтіру үшін кішкене мөлшерде қант немесе бал қосыңыз. Мұндай шипалы шайдың бір кесесі сіздің шаршағаныңызды басып, ағзаңызды тазартып, сергектік сезімін береді.
    • Орман жаңғағынан дайындалған шипалы сүт. 100 грамм орман жаңғағын құрғақ табада қуырып, ұнтақ болғанға дейін ұсақтау керек. Жаңғақтардың үстіне 0,5 л. қайнаған сүт құйып, кішкене суытып, 2 ас қасық табиғи бал және бір шөкім ваниль қосу қажет. Тұнған соң 15 минуттан кейін араластырып, ұрттап ішкен жөн. Барлығын бірден емес, күні бойы ішу ұсынылады.
    • Ұзақ өмір және денсаулық сыйлайтын бадамнан жасалған шырын. 1 ас қасық кептірілген бадамның үстіне 0,5 литр су құйып, 10 минут  қайнатыңыз. Суыған соң тұндырып, азғана мөлшерде бал, мысалы 2 ас қасық қосасыз.
    • Бал және пияз қосылған шарап . 150 грамм ұсақталып туралған пиязды 100 мл. табиғи балмен араластырып, 1 л. қызыл құрғақ шарап құйыңыз. Шыны ыдыста 2 апта тұндырыңыз және сүзіңіз. Шипалы шарапты күніне 5 ас қасық мөлшерінде ішуге кеңес беріледі.

17 наурыз 2018 ж. 2 331 0