Қайнаған судың пайдасы

Қайнаған су ішуді бастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң буындарда, бүйректе ауырсыну, зәрдің түсінің өзгеруі байқалады. Қорықпаңыз! Бұл – ағзаңызда оң үдерістердің жүріп жатқандығының белгісі.
Қолдану тәртібі:
•Қайнаған суды таңғы астан 30 минут бұрын аз ғана мөлшерде ішіңіз. Оны асықпай ішу керек. Су ішекті «оятады», оның жұмысқа кірісуіне себеп болады, қалтарыс-бұлтарыстарында іркілген қажетсіз заттарды сыртқа ығыстырады.
•Аталған қарапайым рәсімді бар-жоғы алты ай уақытқа дейін орындасаңыз жетіп жатыр. Бұл уақытта денеңіз артық майлардан арылып, дене сымбаты қалпына келіп, белгілі бір жүйеге түседі. Омыртқа жотасындағы ауру-сырқаулар жоғалып, икемге келе бастайды.
•Асыңыз дұрыс қорытылмай, ішіңіз кеуіп жатса, тамақтан кейін де қайнаған су ішкеніңіз дұрыс.