Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейді

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Т.Жүсіпбаев ауылда электрик болып жұмыс жасайтын азамат қамбаштық екенін айтып, дер кезінде электрикті таба алмай қалатын кездер болатындығын атқарушы биліктің назарына салды. Зейнеткер Ә.Мейірманов ауылдағы 3 шақырымдық жолдың жайын қозғаса, ауыл тұрғыны А.Жалғасбаев Ақбай ауылы Бекбауыл дәрігерлік амбулаториясына қарайтынын айтып, осы мәселе ауыл тұрғындары үшін қиындық тудырып келе жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде «Асхат» шаруа қожалығының төрағасы А.Қаныбетов шаруаны шығынға батырар зиянкестердің алдын алуда жедел жұмыс жүргізуге ықпал жасаған аудан әкіміне шаруалар атынан ризашылығын жеткізді.
Алтынбек БИСЕНОВ.