Ел тілегі әркез ескеріледі

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Ш. Мыршаев ауылдағы жарықтандыру жұмыстарын әлі де жандандырып, ескі бағаналарды қайта жаңаласа деген ұсынысын айтып, ауыл әкіміне жаңа қызметтік автокөлік сұрады. Зейнеткер, Т.Садықов ауыл мектебінде оқитын балаларды тасымалдауға көлік сұраса, Үкілісай елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер О.Әлиев жаңадан ашылған мектеп ғимаратының жанындағы шағын орталықтың әлі күнге жұмыс жасамай тұрғандығын жеткізді. Мұнан кейін де ауыл тұрғындары осы өңірге оң көзқарас танытып жүрген аудан әкіміне өздерінің ризашылықтарын жеткізіп жатты. Елдің тілегін ескерген аудан басшысы айтылған мәселелер аяқсыз қалмайтындығын жеткізді.
Алтынбек БИСЕНОВ.