Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тез салмақ тастаудың қарапайым әдісі белгілі болды

Тез салмақ тастаудың қарапайым әдісі белгілі болды

Артық салмақтан арылуға дене жаттығуларына қарағанда диета көп көмектеседі. Бұл туралы Техас университеті спорт медицинасының профессоры Филипп Стэнфорт Science Alert басылымына берген сұхбатында айтты.

Ғалымның пікірінше, дене жаттығуларына уақыт пен күш көп кетеді. Ал тез арада арықтау үшін тамақтану рационынан калориясы жоғары, май мен көмірсуға бай өнімдерді алып тастау жеткілікті.
“3500 калорияны жұмсау үшін 56 шақырымға жуық жол жүру керек. Ал, мәселен “Сникерс” шоколадты батондарында 500 калория бар делік. Күн сайын сегіз шақырым жол жүргенше, сол “Сникерсті” жемеген артық”, – дейді Стэнфорт.
Зерттеулер нәтижесі ғалымның сөзін растап отыр. Мәселен, 20 ғылыми жұмысқа жасалған шолу ақуызы көп, калориясы төмен диета дене жаттығуларына қарағанда салмақ тастауға көбірек көмектескенін көрсеткен. Ал тағы бір зерттеу кезінде жаттығудың семіз балалар үшін артық салмақтан арылуға көмегі аз екені анықталды. 
22 желтоқсан 2019 ж. 3 596 0