Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

Әйел жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

   Ұлыбританияда 35 жастағы Лиза Лиатард ауырып ауруханаға түскенде ғана босанатынын білген. Бұған дейін әйел жүкті екенінен хабарсыз болған.
  Лиза Лиатард пен оның 45 жастағы күйеуі Ник екеуі ешқашан балалы болғысы келмеген. Бірақ, бір күні кешкі уақытта әйелдің іші қатты ауырып ауруханаға түседі. Дәрігерлер УДЗ (ультрадыбысты зерттеу) кейін әйелдің жүкті екенін және оның босанар кездегі толғағы басталғанын айтқан.
   Менеджер қызметін атқаратын Лиза бастығына хабарласып жұмысқа бара алмайтыны айтып үлгерген.
“Бұл кинодағыдай болды. Бастығыма түсіндірерде кекештеніп қалдым. Соңғы айда маған көп күш түсіп кетті: көшу, құрылыс жұмыстары, қызмет… Қарбаластан қалай жүкті болғанымды сезбей қалған сияқтымын”, – дейді Лиза Лиатард.
Лизаның туу кезеңі тез әрі сәтті өтті. Оны ауруханаға жеткізгеннен 45 минуттан кейін ұл бала дүниеге келді. Есімін Тоби деп атады.
“Дәрігерлер  баланы 30 секунтқа алды да маған қайтарып берді. Оның денсаулығы жақсы, салмағы да қалыпты, мерзімі де дәл болып туылды”, – дейді Лиза.
   Сол күннен бастап Лиза тұрақты түрде жүктілік тестін жасайтын болды. 2015 жылы тағы бір ұл бала дүниеге әкелді. Бұл жолы жүкті екенін уақытында білді. Лизаның жасы 38-де. Қазір олар өмірлерін балаларынсыз елестете алмайды.
  “Біз ешқашан баланың бақыт әкелетінін ойламағанбыз. Енді біз үлкен де, тату отбасымыз”, -дейді Лиза Лиатард.

16 қаңтар 2018 ж. 3 592 0