Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақ орамал - аппақ ардың айнасы

Ақ орамал - аппақ ардың айнасы

Қазақ халқы «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық» деп, жаулықты тау- сылмайтын байлыққа теңеген. Қазір осы бай- лы ғымыздың қадірі қашып бара жатқандай. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Десе де, қадірлі дүниеге қол сілтеп, тек ке лін- дік борыштары көрінетін тұстарда ғана тағатындар, тіпті іздеп таппай қалатындар да жетерлік. Тазалықты қанына сіңірген қазақ үшін жаулық әуелгі ретте тазалықтың бір нышаны іспетті. Пісірген асының тазалығынан бұрын, басындағы ақ жаулығының кіршіксіз ақтығы да әйел адамның қаншалықты үлгерімпаз әрі жинақы, тиянақты екендігін көрсетіп-ақ тұрады. Қазаққа қадірсіз болып бара жатса да, жаулықты жақтаушылардың қатарында медицина қызметкерлері де бар. С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева басты жабық ұстаудың пайдасын: -Еркек жерден, ал әйел көктен қуат алады. Басты жабық ұстау арқылы әйел заты өзіне жағымсыз энергиядан сақтана алады,- деп түсіндіріп өткен еді. Сондай-ақ, қазақ халқының дәстүрі дінмен біте қайнасқанын есімізге алар болсақ, ислам дінінде де орамалдың үкімі сақалдың үкімінен де жоғары қойылады делінген. Яғни, парыз етілген. Сондықтан, батыстың дәстүрімізге жат әдебі мен мәдениетін бойымызға сіңір ген- ше, қазақи құндылықтарымызды биік ұста ға- ны мыз жөн деп ойлаймын. Әйел орамал тақпаса, арын ұмытады, Күйеуінің барын ұмытады. Шашы тамаққа түседі, Үйіне келген қонақтың назары түседі,-де- ген тәмсіл бар. Сондықтан, тектілігімізді тік ұстасақ, ұлттың да, отаудың да, өзіміздің де берік тігіміз нығая түсері сөзсіз. Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, ақ ки ме- шек жоғалса... нені көрем?-деп, талай ақынымыздың жырына арқау болған ақ жаулығымыз жерде жатпасын. Сіз қалай ойлайсыз?

Ақмарал НҰРАДИНОВА,
Арал қаласы.
19 желтоқсан 2017 ж. 3 794 1

Austmok от 16 маусым 2019 00:27
How To Buy Cymbalta Cheap viagra Whats Does Keflex Do