Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа бір дәуір басталды

Жаңа бір дәуір басталды

         Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін криллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, халқымыздың рухани кеңістігіне тарихи жол ашып отыр. Бұл-заман талабынан туындап отырған кемел оқиға. Себебі, еліміз тәуелсіздік алғанмен, жазуда тәуелсіздікке қолымыз жетпей жүрген еді.
         Латын әліпбиінің тарихына көз жіберсек, тамыры терең тарихтан бастау алады. Әрине, латын әліпбиіне көшу оңай шаруа емес. Бұл-бүкілхалықтық, мемлекеттік маңызді іс. Бір күннің, бір жылдың өткінші оқиғасы емес, болашақ ұрпағымыздың өркениет көшінде өз орнын тауып, ана тіліміздің жаңғырып дамуына, шын мәнінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілуіне қызмет етеді. Қуанарлығы-біздің нұсқа-түркі елдері әліпбиі ішіндегі ең жақсы әліпби. Тілдің басты заңдылығы сақталған. Яғни, Президентіміздің Жарлығымен бекітілген латын әліпбиінің құрамында 32 әріп бар. Бұл әліпбиде А.Байтұрсынов анықтап, жүйеге түсіріп берген қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Болашақта жазу сыйымдылығын арттыруға негіз бар.
         Жаңа әліпбидің қабылданып, бекітілуі-тәуелсіз еліміздің тұғырын бекіте түсетін, әлемдік ақпарат кеңістігіне еркін енуге мүмкіндік беретін, жаңа заман жастарының қазақы қалпын айшықтай түсетін қадам. Жаңа бір дәуірдің басталғандығы. Қазақ халқының өзі үні, өз дыбысы бар екендігін білдіреді. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай іс-қағаздарды, әдеби және ғылыми еңбектерді латын әліпбиіне толықтай көшіру міндеті тұр. Бұл міндет зор жауапкершілікті талап етеді. өткенімізді саралайтын, болашағымызды бағдарлайтын сәт туды. Қазіргі жастарымыз бұл әліпбиді бірден қабылдап, жылдам жазып кете алады. Сондықтан, осы жазуды қазірден бастап үйренуге, жазуға шақырамын.
Роза Шарапатова,
№83 орта мектептің мұғалімі.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 899 0