Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Танымал журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Белгілі журналист Рахат Мамырбек өмірден озды. Бұл туралы Рахат Мамырбек редакторлық еткен “Азаттық” радиосы хабарлады.

“Бүгін таңертең Азаттықтың веб-редакторы Рахат Мамырбек дүниеден озды. 11 желтоқсан күні денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен еді”, – делінген мәлімдемеде.
Рахат Мамырбек “Азаттықта” 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. Оған дейін отандық “Қазақстан”, “Алматы” және 31 арнада қызмет атқарған.
39 жастағы журналистің артында 5 баласы қалған.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 717 0