Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандылық жігіт Беларусьте жыл футболшысы атанды

Қарағандылық жігіт Беларусьте жыл футболшысы атанды

Белорусь футбол федерациясы 2017 жылдың негізгі номинацияларының жеңімпаздарын атады. Қарағанды облысының тумасы Михаил Гордейчук Беларусьтің үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Беларусь футбол федерациясы хабарлады.

«Михаил Гордейчук «Беларусбанк – 2017 жоғары лигасының» үздік қақпашысы, үздік шабуылшысы жəне үздік ойыншысы атанды. Оның ойыны БАТЭ клубының кезекті чемпионатында жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. Биыл Михаил Гордейчук «Беларусбанк – 2017 жоғары лигасының» 29 кездесуінде ойнап, 18 гол салған. Сондай-ақ,  елдің басты футбол командасы құрамында 6 матч өткізген», – делінген БФФ ресми сайтында.
28 жастағы Михаил Гордейчук Қарағанды облысының Саран қаласында туған. Футболмен 8-9 жасында Саран спорт мектебінде айналыса бастаған. Кейінірек отбасымен Қарағанды қаласына көшкен. 17 жасында жергілікті “Шахтермен” алғашқы кәсіби келісімшартын бекіткен. 2007 жылы “Шахтердің” фарм-клубы құрамында Қазақстанның бірінші лигасына қатысқан. 2008 жылдан бастап Беларусьта ойнап келеді. БАТЭ клубының жəне Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы. Беларусь Республикасының халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Беларусь ұлттық құрамасында алғаш рет 2013 жылдың 15 қарашасында Албания құрамасымен жолдастық кездесуге қатысты.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 438 0