Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемде бет терісін қалай күту керек?

Көктемде бет терісін қалай күту керек?

Көктем келіп, қыс суығы қайтқанда, көңіліміз де көтеріліп, “жаңару” сезімін бастан кешіреміз. Қысқы қалың кіимдерді жинап, ашық түсті әдемі, сәнді киімдер киіп, түрлі әшекейлермен өз образымызды толықтыра түсеміз. Алайда, көктем күтімді қажет етеді.
Көбінесе, жылдың осы мезгілінде адам иммунитеті төмендеп, әлсірейді. Сол себптен, шаш, тырнақ, бет терісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Әсіресе, бет терісі сезімтал әрі ерекше күтім қажет. Қысқы суық пен аяздан кейінгі терінің жаңаруы үшін біраз күш пен күтім керек.  Бет терісі құрғап, өңі кете бастайды. Бетімізде түрлі дақтар мен бөртпелер тіпті, безеулер пайда болады. Оған күн сәулесі де әсер етеді. бұл мәселерден арылудың тиімді жолдары ретінде мыналар ұсынылады.

1. Көбірек жеміс-жидектер тұтынған жөн. Ұн мен тәтті тағамдармен әуестенбеу керек. Көкөністер ағзада дәрумен жетіспеушілігін тежейді.

2. Қысқы маусымда ағзада түрлі токсиндер (зиянды нәруыздар) жиналады. Олардан арылу үшін ең тиімді тәсіл-ыстық монша немесе ванна.

3. Ең маңызды нәрсе-бет тазарту. Яғни, жатар алдында немесе таңертең міндетті түрде тазалап сүртіп, теріні демалдырған жөн. Көктем кезінде су құбырларында хлор деңгейі жоғары болады. сол себептен, қайнаған немесе тазартылған сумен жуған жөн. Косметикалық тазарту құралдарын азырақ қолданған дұрыс. дегенмен, ылғалдандырғаш , нәрлендіргіш құралдарды сапалысын қолданған әрдайым тиімді.

4. майлы бет терісіне құрамында за ғана спирті бар құралдар қолдану ұсынылады. Дегенмен, үй жағдайында мұз текшелерін немесе арнайы шөп кайнатпаларын қолданған дұрыс.

5. Көктемгі ультракүлгін сәулеге қарсы кремдерде SPF-10-15 қолданған жөн. Себебі, сәулелердің белсенділігі жазға қарағанда төмен болады.

6. Көктем кезінде түрлі аллергиялар болуы мүмкін. Арнайы сезімтал терілерге арналған кремдер қолдану қажет.
7. “КӨКТЕМГІ ДЕПРЕССИЯдан” арылу қажет. Бұндай жағдайдың орын алуы қыс кезіндегі витамин мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Ол үшін тәулігіне 8 сағаттық қалыпты ұйқыны қадағалау керек. Уақытылы демалып, денсаулығыңызға мән беріңіз. Көбірек серуендеп, таза ауада көп уақыт өткізіңіз.
elana.kz
09 наурыз 2020 ж. 3 704 0