Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНАДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНАДЫ

Елбасы Жолдауында ауқымды мәселелерді, ел дамуына керекті маңызды ба ғыттардың атапкөрсетті. Онда индустрияландырудың жаңа технология енгізудің көшбасшысына айналуы керек екені айтылған.
Елбасының инновациялық технологияны бірінші орынға қоюының өз себебі бар. Дамыған жаңа технологияны қолдануға үндеп отыр. Елімізде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыруды қанатқақты жоба ретінде іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек екеніне тоқталды.
Жолдаудың тағы бір маңызды тұсы ретінде нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысын ынталандыруды және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі жөніндегі нақты тапсырмаларды айтуға болады. Ғалымдар, мамандар түрлі жаңалық ұсынып, ал оларға бизнестен сұраныс болмаса, онда жаңалықтардың пайдасы шамалы. Сондықтан мемлекет тарапынан түрлі қолдауды енгізсек бизнес саласы да соған мүдделілік танытады. Яғни осы арқылы кәсіпкерлікті жаңа технологияға итермелейміз.
Елбасы Жолдауда жасыл технологияға да тоқталды. Осы салаға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру жөнінде тапсырма берді. Меніңше, бұл ең әуелі ауыл шаруашылығына тікелей көмектеседі. Бір мысал келтірейін. Көрші мемлекет терге барғанда ондағы тұрғындардың Қазақстаннан шыққан ауылшаруашылық өнімдерін сапалы санайтынын байқадым. Осы орайда, өнімдердің тазалығын ұлттық бренд ретінде ұтымды пайдаланып, жасыл технологияны мұқият түрде ауыл шаруашылығымен интеграциялағанымыз жөн.
Қазіргі таңда әлемді толғандырып отырған мәселе – қоқысты тиімді пайдалану. Мұндай мәселе біздің елде де бар. Өңірлерде полиэтилен пакеттердің шашылып жатқанына куә болып жүрміз. Таяуда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезең-кезеңімен ондай пакеттерден бас тартатынымызды мәлімдеді. Жалпы, мәселе полиэтилен пакетіне ғана қатысты емес. Елімізде түрлі салалардан қалатын қоқыстар жетерлік. Соларды тиімді жұмсау маңызды мәселе. Осы тұрғыдан алғанда, Жолдаудың жасыл технологияға қатысты тармағының маңызы ерекше.
Жолдаудан ауыл шаруашылығына ақылды технологияларды пайдалану қажеттігі жөнінде оқып қатты қуандым. Біз әлі күнге Кеңес Одағынан қалған технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейміз. Алайда дамыған елдердегі агротехнология саласы әлдеқайда озып кеткен. Сондықтан Елбасы айтқандай, жаңа технологияларды трансферттеу арқылы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтереміз.

Азат ПЕРУАШЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
26 қаңтар 2018 ж. 1 186 0