Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Көпшілікке мәлім, жаңа жылдың алғашқы онкүндігіндеЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасын  дамыған, озық 30 елдің қатарына шығарудың  негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауын арнады. Бүгінгі дүниежүзіндегі саяси және экономикалық дағдарыс кезіндегі жарияланған Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының жүгі ауыр, маңызы ерекше.
Елбасы осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты.
Қазіргі заманның шапшаң қарқынмен өзгеріп, дамуы, жаңа дәуірдің тууы Қазақстанның да осыған сай нақты іс-қимылдарға көшуін қажет етуіне байланысты мемлекет басшысы «5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарын халыққа ұсынған болатын. Ал, өткен жылдың басында Елбасының  халыққа арнаған Жолдауының өзі бес басымдылықтарға негізделген еді.
Биылғы Жолдау осы «100 нақты қадам», үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» сияқты ауқымды бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың жалғасы десек қателеспейміз. Осы орайда, Елбасы бұл жолғы Жолдауында негізгі 10 басымдықты айқындап берді.Негізгі стратегиялық мақсат – Мемлекет басшысы атап өткендей еліміздің төртінші революциялық әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу. 
Жолдауда әсіресе, заман талабына сай цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға цифрлық технологияларды енгізу, агроөнеркәсіп кешені мен көлік-логистика инфрақұрылымына  ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, сапалы әрі тиімді білім арқылы әлемді мойындатуға болатындығы ескеріліп, ең алдымен ел болашағы жастарымызды заманауи ғылым мен қаймағы бұзылмаған тәрбие кеңістігінде жетілдіруге баса мән берілді. Бұл бағытта, қажетті деген мүмкіндіктерді қарастырып, қоғам алдындағы ұстаздардың мәртебесін биіктетуге зор ықпал жасалды.
Сонымен бірге Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда қандай қиын жағдай болмасын, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түріне көшкендігін және еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейе түсетіндігін жеткізді. Әрине, бұл жақсылықтың барлығы ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы үшін жасалынып жатқандықтан, көлденең шыққан кедергілерден кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына жетелей түсетін негізгі тетіктер деп санаймын. Осы орайда,  егемендігімізді баянды, тәуелсіздігімізді табанды ету жолында аянбай бір мақсат, бір тілектің астынан табылып, бірігіп тіршілік етуге айтылған ойлар мен көтерілген бастамалар әрбір қазақстандықтың жүрегіне жетеді, әрбір азамат Жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға атсалысатындығына сенімім мол.
Мамбетов Бекбол Шеризатович,
Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының жетекші маманы.
21 қаңтар 2018 ж. 1 816 0