Қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі


Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.
«Медаль алған спортшыларға өткен Олимпиада ойындары секілді сыйақы беріледі. Бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллар қарастырылған. Екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың доллар. Алтыншы орынға дейінгі спортшыларға сыйақы бар. Бұған дейін де сыйақы мөлшері осындай болды», – деді Қанағатов. Демек, өткен ойындармен бірдей болса, төртінші орын алған спортшыларға 30 мың доллар беріледі. Бесінші орын – 10 мың, алтыншы орын – 5 мың доллар. Айта кетейік, Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда басталып, 25 ақпанда бітеді.