Олимпиада чемпионы Винокуров түрмеге қамалуы мүмкін
Бельгияның Льеж қаласының соты 13 наурызда қазақстандық велосипедші Александр Винокуровтың ресейлік Александр Колобневке «Льеж-Бастогн-Льеж» жарысында пара бергеніне қатысты қылмыстық істі қарайды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

2010 жылы болған жарыста Винокуров жеңіске жетті.
Қазақстандық велосипедші ресейлік Колобневке 150 мың доллар көлемінде пара беріп, жарыстың 2 траншын сатып алды деген айып тағылды.
Егер олар кінәлі деп танылса 350 мың еуро айыппұл төлеп, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
Колобнев 2017 жылдың қаңтарында спорттағы карьерасын аяқтағанын айтқан болатын.