Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол апатында ата-анасынан айырылған бүлдіршін екі күн бойы оқиға орнында кезіп жүрген

Жол апатында ата-анасынан айырылған бүлдіршін екі күн бойы оқиға орнында кезіп жүрген



Бразилияда алты жасар бала жол апатына түсіп, ата-анасынан айырылған. Осыдан кейін ол екі күн бойы оқиға орнын тастамай, трасса бойын кезіп жүрген. Әбден азып жүдеген баланы кездейсоқ көлік жүргізуші тауып алған, деп хабарлайды Mirror. 

Қатты дене жарақаттарын алып, әбден сусап шөлдеген бала аздап есін жоғалтқан және әрең тілге келген.
 
Белгілі болғандай, алты жасар Бенджамин өзінің ата-анасымен және ағасымен туған күн тойлап, үйлеріне қайтып келе жатқан кезде қайғылы жол апатына тап болып, көлік жол шетіне шығып кеткен. Оқиға салдарынан ол бүкіл отбасы мүшелерінен айырылған.
 
Баланың туыстары отбасы мүшелерінің кешігіп, үйлеріне оралмағанына алаңдап, полицияға хабарласқан. Осыдан кейін іздеу жұмыстары басталған кезде кездейсоқ жолаушы өз көлігімен трассада келе жатып жол бойында шашасыз халде тентіреп жүрген баланы байқап қалған.
 
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, табылғаннан кейін тез арада ауруханаға жеткізілген Бенджаминнің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
reactor.inform.kz​​​
12 қазан 2018 ж. 2 965 0