Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тағы бір жаяу жүргіншіні Lexus қағып өлтірді

Алматыда тағы бір жаяу жүргіншіні Lexus қағып өлтірді

Алматыда ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.
Қайғылы оқиға Сәтпаев көшесі бойында Щепетков көшесімен қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Lexus Сәтпаев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, ал мас ер адам қызыл жанып тұрғанда жолға шығып кетіпті.
Көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Шамамен жасы 55-60-та, қалтасында құжаты болмай шықты.
Полиция ер адамның кім екенін және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Кеше Алматыда тура осындай жол апаты болған еді. 55 жастағы ер адам Саин көшесінде тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатып, Lexus астына түсті. Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік оқиға орнынан қашып кетті.

sputniknews.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 184 0