Жүргізушісі жоқ Uber көлігі адамды қағып өлтірді

Uber уақытша автопилоттық режимде жүретін көліктердің қолданысын тоқтатты.
Оқиға Аризона штатының Темпе көшесінде болған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі Ассоциасы мамандарының айтуынша, қалада 2017 жылы 5 984 адам жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінен өтіп бара жатқанда қайтыс болған. Бірақ ол оқиғалардың ешқайсысы автономды көлікпен қатысты болмаған.
Полиция қаза болған әйелдің жергілікті ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болғанын айтып отыр.
"Біз қаза болған әйелдің отбасына шын жанашырлық танытып отырмыз. Жергілікті билікпен бірлесіп бұл оқиғаны тергейміз", – деген пікір білдірді Uber.