Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жас қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматыда жас қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі Әнуар Жәнібековке қатысты сот үкімі шықты. Ол сәуір айында “Сайран” автовокзалы маңында бағдаршамнан өтпек болған қызды қағып кеткен болатын, деп жазады Stan.kz.

Әнуар Жәнібеков сотта кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Адвокатының айтуынша, ол қыздың туыстарымен бір мәмілеге келген.
Автобус жүргізуші ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Сондай-ақ, ол 4 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні Төле би-Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алған. 126 бағыттағы автобус жолдан өтпекші болған қызды қағып кетті. 23 жастағы бойжеткен алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Stan.kz
30 мамыр 2018 ж. 1 666 0