Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттік таксист несиесін төлеу үшін жолаушы қызды өлтірген

Шымкенттік таксист несиесін төлеу үшін жолаушы қызды өлтірген

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында түркістандық таксиске қатысты сот ісі басталды.

Ер адам 24 жастағы қыздың өлімі үшін айыпталып жатыр. Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болған. Бірінші отырыста-ақ күдікті кінәсін мойындады, деп жазады otyrar.kz.
Ол ісіне өкінгенінін айтқанымен, марқұмның туыстары оған кешіріммен қарамады. Жәбірленуші тарап соттан айыпталушыға ең қатаң жаза беруді сұрады.
26 жастағы жігіт 40 мың теңге қарызы үшін бойжеткенді өлтірген. Бұл сома тергеу мәліметтерінде аталды. Айыпталушы ай сайынғы несиесін жабуына ақшасы жетпегендіктен, банк оған қайта ақша беруден бас тартқан.
Осыдан соң банкоматтан ақша алып жатқанын көрген айыпталушы одан қалайда ақшасын алмақ болады. Ол бойжеткенді алдап көлігіне отырғызып, қаланың сыртына алып кетеді.
«Ол қыздың жанына барып, мойнынан қылқындыра бастайды. Осылайша арам ойын іске асырған», – дейді прокурор.
Марқұмның денесін Достық кентіне апарып, қамыс арасына тастап кеткен. Ер адам екі апта өткен соң қолға түсті. Ол өзін өзі полцияға ұстап берді. Марқұмның телефоныны сатып жібергендіктен, полицейлер телефон арқылы оны тез тауып алды.
«Тергеу кезінде қызды танымайтынын айтып міз бақпады. Телефонды тауып алдым деген. 16 күн өткен соң қыздың денесі табылды», – деді жәбірленуші тарап.
Түркістандық медиаторлардың айтуынша, компенсация көлемінде екі жақ келісе отырып, марқұмның отбасы 2 млн теңге өтемақы алды делінген. Алайда жәбірленуші бұл ақпаратты теріске шығады.
«Иә, олар маған 2 млн теңге ұсынды. Мен оны алдым, өйткені менде екі бала қалды. Солады асырау үшін алдым. Ал медаторлар айтқандай, айыпталушыны кешіру үшін ақша алған жоқпын. Ақша алдым, бірақ айыпталушыны кешірмеймін», – деді марқұмның анасы.
Енді марқұмның туыстары түркістандық медиаторлардың сотта жауап беруін талап етеді. Ал, қыздың өліміне қатысты сот бірнеше күннен кейін қайта жалғасады.
Stan.kz
17 сәуір 2018 ж. 1 737 0