Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әншіні тік тұрып ән салмағаны үшін сахнада атып тастаған

Жүкті әншіні тік тұрып ән салмағаны үшін сахнада атып тастаған

Пәкістанда салтанатты іс-шараға 24 жастағы әнші Симон Самунды шақырған. Жас келіншек жүкті болған.



Сахнаға шығар алдында ол ұйымдастырушылардан отырып ән салуды сұраған. Себебі тік тұрып ән шырқау ауыр болған. Ұйымдастырушылар бұған келіскен. Бірақ көрермендер оның бұл қылығына наразы болып, орнынан тұрып ән салуды талап еткен.
Әнші алғашқыда көрермендердің өтінішін орындаудан бас тартқан. Біраз уақыттан кейін үш ер адам сахнаға келіп оған ақша жаудыра бастаған. Әнші содан кейін орнынан тұруға мәжбүр болған. Бірақ бірнеше минуттан кейін оған оқ тиген. Сахнада отырған наразы көрермен оны атып тастаған. Келіншек жүктіліктің алтыншы айында болған.
reactor.inform.kz
12 сәуір 2018 ж. 3 948 0