Алмас Кішкенбаев сахнаға шығуға неге ұялып жүр?
Әнші Алмас Кішкенбаев сахнаға шығуға артық салмағынан ұялып жүр. Әншінің айтуынша, оған әлеуметтік желілерде өз жанкүйерлері тарапынан оның дене сымбатына қатысты аяусыз сыни пікірлерін оқудың өзі оңайға соқпайды.
2017 жылы Кішкенбаев диетаға отырып, 20 кг арықтауға уәде берген. Арада 2 ай өткенде ол артық салмақпен күресуде біршама оң нәтижелерге қол жеткізіп, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастаған болатын.
Алайда, соңғы кездері ол сахнадан көрінбей кеткен әртістердің қатарын толықтырып, көзден таса болғаны қалың жұртты алаңдатуда. Әнші бұлай «жоғалып кетуінің» сырын тағы да сол артық салмақпен байланыстырып, ақталуда.
Өз тыңдармандарын қатты сағынған ол биылғы жазда өзінің жаңа хиттарымен қуантуға уәде беріп отыр.
Дереккөзі: 365info.kz