Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қайрат Нұртас: 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ

Қайрат Нұртас: 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ

10 жыл бойы отбасын жасырып келген Қайрат Нұртас бұл жағдайдың өзіне де оңай тимегенін мойындады.  Сондай-ақ, әнші әке болып, балаларымен мақтанғысы келетінін де жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz.

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 10 жыл бойы отбасын жасыру өзіне қиын тигенін мойындады. Әнші бала-шағасын көпшілікке таныстыруды көптен бері армандап жүрген көрінеді.
«Алматы қаласындағы екі бірдей ән кешім өте сәтті аяқталды. Көптен бері бала-шағамды xалыққа таныстыру арманым еді. Мен де әке болып, балаларыммен мақтанғым келеді. 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ», –  деп мойындады әнші Instagram парақшасында.
Әншінің айтуынша, оған осы уақыт аралығында қаншама ауыр сөздер айтылып, негізсіз кінә тағылыпты.
«Қаншама ауыр сөздер естіп, негізсіз кінә тағылды. Осының барлығына нүкте қойылғанына ризамын», – деп жазды Қайрат.
24 наурыз 2018 ж. 2 312 0