Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қайрат Нұртас отбасының 10 жылдық мерейтойын Мальдивте қарсы алды

Қайрат Нұртас отбасының 10 жылдық мерейтойын Мальдивте қарсы алды

Қайрат пен Жұлдыздың шаңырақ көтеріп, отбасы құрғанына 10 жыл! Дәл осы айтулы күнге орай хитмен әнші жұбайына тосын-сый жасады. Күні кеше жұлдызды жұп отбасылық мерекені Мальдив аралдарында атап өтті.

“Он жылдығымызды – Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз”, деп ылғи айтушы еді Ақпатшам… Мен “әумин” деп қоятынмын. Дегенмен де, уақыт өте келе мен бұл сөздерін ұмытып кетіппін. Бірақ, Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын-сый жасап, Мальдивіде 10 жылдық тойымызды атап өттік.
Бұл мен үшін керемет тосын сый болды, себебі әрбір нәзік жан үшін сүйіктісінің шын ниетімен, маxаббат сезімімен жасалып жатқан сыйлық, ерекше көңіл күй сыйлайды. Басқа бір ертегі әлемінде жүргендей, құдды жаңадан отау құрған жас жұбайлар секілді, бал айында жүрген тәріздіміз. Аллаға сансыз шүкір, бізге осындай мүмкіндікті берген Әкеміз бен Анамызға мың алғысымызды айтамыз!” – деп қуанышымен бөлісті Әбдікәрімова желідегі парақшасында.
Желідегілер Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына қызыға да, қызғана да қарағандарын жеткізді. Көпшілік жарасымды жұпқа шексіз махаббат, бақыт тіледі.

“Қандай күшті, бақытты болыңдар”, “Ақ самайлы әже мен ақ сақалды ата болыңдар, өте жарасымды жұпсыңдар”, “Бақтарың баянды, махаббаттарың мәңгі болсын, жас жұбайлар”, – деп ақ тілектерін жолдады инста-оқырмандар.
http://reactor.inform.kz/kz/kayrat-nurtas-otbasynyn-10-zhyldyk-mereytoyyn-mal-divte-karsy-aldy-a55710
21 ақпан 2018 ж. 2 425 0