Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет саласында серпіліс бар

Мәдениет саласында серпіліс бар

Арал  өңірі балықшыларының ІІІ слеті өтті.
Аудандық мәдениет үйі мен мәдениет мекемелері арқылы 1273 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 258 мыңдай көрермендер қамтылған. Қоғамдық саяси шаралар тізбесіне енген республикалық, облыстық деңгейдегі бірқатар шаралар өтті. Атап айтқанда: Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 70 жылдығына орай Алматы қаласында еске алу кеші өтті.
Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы балық шаруашылығы министрі, ардагер Құдайберген Саржановтың 80  жылдығы атап  өтілді.
Ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Сахиұлы Кенжебайдың 70 жылдық мерейтойы Қызылорда қаласында өткізілді.
Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ақын-жырау, композитор, сценарист М.Сыдықовтың облыс әкімінің тікелей қолдауымен шығармашылық кеші өтіп, жинақтары жарық көрді.
Атап айтқанда, І кітабы «Жырлайды Арал перзенті» атты таңдамалы энциклопедиясы 1000 дана, ІІ кітабы «Жыр мәйегі - мақам» атты 1000 дана баспадан шығарылды. Осы кітаптың аясында 3 аудио (ән, күй, жыр) дискілер жинағы шығуда.
Сонымен қатар, ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдық еске алу кеші және Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық еске алу кеші кең көлемде атап өтілді.
Қарақұм  кеңшарыныңнегізін  қалаушы Б.Бижановтың 100 жылдығы және №21 Қамбаш орта  мектебінің 100 жылдығы өз деңгейінде атап  өтілді.
Елбасының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ауданда 500-ге  жуық мәдени шара ұйымдастырылды.
15 ақпан 2018 ж. 1 752 0