Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТІ ДАМЫҒАН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТІ ДАМЫҒАН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Былтыр Көктем, Үкілісай, Ерімбетжаға, Аққұлақ, Ескіұра, Құланды елді мекендерінде 20 орындық балабақшасымен 50 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Арал қаласындағы №14 мектептің қосымша ғимаратының құрылысын осы жылы аяқтау жоспарланып отыр. Аудан әкімі есепті кездесу барысында денсаулық саласындағы жетістіктерді де тілге тиек етті.– Құрметті Қырымбек Елеуұлы, Өзіңіздің табанды еңбегіңіздің нәтижесінде республикалық бюджеттен тиісті қаржылар бөлініп, қазіргі таңда Арал қаласынан жаңа аурухана бой көтеруде. Биыл нысанды халық игілігіне беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ,медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында ауданда «ВВNURA» гемодиализ орталығы ашылды. Одан бөлек мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қосжар, Мергенсай, Ақбасты елді мекендерінде жаңа медициналық бекет салынды,– деді аудан басшысы.
     Мәдениет саласы бойынша да мардымды шаралар жүргізілді. Былтыр Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 70 жылдығына  орай Алматы қаласында еске алу кеші өтіп, оған ауданнан арнайы делегация барып қайтты. Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы балық шаруашылығы министрі, ардагер Құдайберген Саржановтың 80 жылдығы, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Сахиұлы Кенжебайдың 70 жылдығы аталып өтті. Ал Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ақын-жырау, композитор, М.Сыдықовтың Қызылода қаласындағы шығармашылық кеші облыс әкімінің тікелей қолдауымен өтіп, жинақтары жарық көрді. Сонымен қатар, ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдық еске алу кеші және Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық еске алу кеші кең көлемде аталып өтті.
31 қаңтар 2018 ж. 2 672 0