Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылармен пікірлесу болды.

Оқушылармен пікірлесу болды.

Арал аудандық №71 орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Білімпаз не қылады өнер шашпай?.» тақырыбында 9-10 сыныптары арасында пікірталас өткізілді. Мектеп оқушылары берілген тақырып төңірегінде өзара пікір алысты. Шара барысында аудандық мәдениет орталығының үйірме жетекшілері - жырау, ақын, сазгер, республикалық конкурстардың лауреаты Айбек Тәңірбергенов және республикаға белгілі жыршы-термеші Серікқали Жұбаниязов елімізге белгілі жыраулардың терме - толғауларын орындап берді. Кеш соңында мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, тілектерін айтты.
14 ақпан 2018 ж. 2 615 0