Кемерово облысында балалар мінген автобус өртенді

Алдын ала деректерге сүйенсек, көлік жас спортшыларды Толмачев әуежайына алып бара жатқан. Сол жақтан олар Ханты-Мансийскке ұшу керек болған. «Байкал» М-53 трассасының 231-шақырымында автобустың моторы өртенеді. Осы уақытта көлікте жүргізуші мен кәмелетке толмаған тоғыз бала болған. Үлкендер өздері өртті сөндірген. Ешкім зардап шекпеді.