Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Ресейдің Кемерово қаласындағы өрт кезінде қаза болған қыздың соңғы хаты елді жылатты, деп хабарлайды КТКарнасының сайты.

“Біз жанып барамыз. Мүмкін тірі қалмаймыз. Қош болыңдар”, – деп жазған 13 жасар қыз соңы хатында. Марияның бұл хаты әлемге тарап кетті. Кейіннен оқушы қыз есін жимастн көз жұмды.
“Өкінішке қарай Маша көз жұмды. Ол аз болса да бақытты ғұмыр кешкен шығар деп ойлаймын. Сен біздің есімізде мәңгілік қаласың”, – дейді желі қоланушылары.
Көктемнің алғашқы демалысы көптеген оқушылар үшін қайғылы басталды. Өрт кезінде облыс басшысының 11 жасар туысы Аман Төлеев те мерт болды. Өрттен қашқан адамдар терезеден төменге секіріп жатты. Қазіргі уақытта қаза болған 64 адамның 15-інің ғана кім екенін анықталды.
Қалада үш күн қатарынан қаралы күн болады.
Айта кетейік, өрт жексенбі күні, 25 наурызда, күндіз басталған. Жалын балалар ойыншығы тұрған жоғарғы қабаттан басталды. Жоғарғы қабатта балаларға арналған аттракцион мен кинотеатр болған.
Ресейдің төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Владимир Пучков өрттен көз жұмғандар саны 64 адамға жеткенін мәлімдеді.
27 наурыз 2018 ж. 6 045 0